admin

1 ақпаннан бастап вокзалдарда барлық жолаушылар тексеріледі

Ақпанның бірінен бастап Қазақстанның теміржол вокзалдарында жолаушылардың қол жүктері және ірі багаждар тексерілетін болады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлайды. Тексеру шарасы жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және террорлық әрекеттердің алдын алуға бағытталған. «Тексеру процедурасы еліміздің 16 қаласындағы вокзалдардарда кезең-кезеңмен өтеді: бірінші ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, бірінші сәуірден бастап — Астана вокзалында, ал бірінші маусымнан бастап қалған 13 вокзалға енгізіледі. Осыған байланысты тексеруге арналған 56 кешен

Ақтөбелік шаруашылықтарға субсидия беріледі

Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы өндірушілерден субсидия беру үшін тапсырыс қабылдана бастағанын хабарлайды. Субсидия асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, жалпы мал шаруашылығының әлеуетін және өнімдерінің сапасын арттыруға бюджеттен беріледі. Бұл туралы барлық ақпарат қала әкімдігінің akimataktobe.gov.kz  сайтында толық жазылған. Анықтама телефоны: 21-96-77

Онлайн режимде уақытша тіркелуге болады

Бүгіннен бастап egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режімінде уақытша тіркелуге болады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады. Бұл қызметті пайдалану үшін әр адам электрондық цифрлық қолтаңба алып, порталға тіркелуі қажет. Қызметті онлайн түрінде пайдалануға мүмкіндік беретін тетікті қолдану үшін парақшада көрсетілген кестені толтырып шығу керек. Одан соң, берілген тапсырыс автоматты түрде Ішкі істер министрлігінің жүйесіне барып түседі. Ол 10 минутта тексеріледі, бұдан соң, порталда «Уақытша тіркеу сәтті өтті» деген жазу

Ақтөбеде бір жылда 30 мың адам жұмыспен қамтылды

2016 жылы Ақтөбеде қабылданған жұмыспен қамтудың кешенді жоспары арқылы 29 454 азамат жұмыс тапқан. 1066 ауыл тұрғыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 2465,0 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров мәлімдеді. Басқарма басшысы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың алдында жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. — Жалпы алғанда, 2016 жылдың қорытындысы жақсы. Әлеуметтік міндеттер толық көлемде орындалған. Еңбекақы,

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама арқылы алған пәтерлерін жалға берген 4 адамның үстінен іс қозғалды

Ақтөбеде жергілікті органдарда тұрғын үй кезегінде тұрып, мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алған 4 адамның үстінен іс қозғалды. Бұл адамдар мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін пәтерлердің иелері үшін ортақ ереже талабын бұзғандар. Олар өз аттарына алған пәтерлеріне өздері тұрмай, жалға беріп қойған. Рейдтік шаралар кезінде жергілікті органдар мұндай әрекетті анықтапты. — Біздің тізімде тұрғандар баспанаға мұқтаж ретінде қол жеткізеді. Ең бастысы да сол көп жеңілдіктер арқылы тұрғын үй кезегіндегілерге пәтерлер беріледі. Сондықтан,

Ақтөбеде ХҚКО –да тұрғындардың барлық «еркелігіне» жағдай жасалынған

Алматыда болған адам өлімінен кейін Ақтөбедегі Халыққа қызмет көрсету орталығы қосымша қызметтер жасай бастады. Қызмет бөлімшелерінде  медициналық жәрдем қызметінің мамандары жұмыс жасайтын болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ашқан арнайы бұрышта тұрғындарыдың қан қысымы өлшеніп, жүрегі сыр бергендер бірден дәрі-дәрмек қабылдай алады. Ақтөбедегі қызмет сапасының жоғарылығы сондай, кезектен шаршап, төзімі таусылдандардың көңілін аулау үшін тегін шай ұсыну да қарастырылған. «Тұрғындарды тіркеуге алудың еш қиындығы жоқ. Жұмысшылар сенімхат береді, тізіммен уақытша тіркейміз,

Құлағы нашар еститін тұрғындар ХҚКО-нан жаңа байланысты жолға қоюды сұрады

Ақтөбе облысы әкімімен кездесуде Саңыраулар қоғамы  орталығының мүшелері қызмет көрсету жерлерінде өздері кезігетін қиындықтарды көтерді. Мүмкіндігі шектеулі жандар қызмет сапасын жақсарту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына скайп-байланыс орнатуды сұрады. «Теміржол вокзалы, автовокзал, медициналық мекемелер мен банктерге барғандар қатты қиналамыз. Біздер үшін орталықтардан емін-еркін ақпарат алу мүмкіндігі жолға қойылмаған. Егер орталықтарда скайп байланысы орнатылған болса, диспетчерлік орталыққа байланысуға мүмкіндік туар еді»,-дейді қоғам мүшелері. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын мамандар жарымжан