Ақтөбе облысының жаңалықтары

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті

2020-03-24 88

24 наурыздағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті, деп хабарлайды ҚаАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус Ресейден келген екі жолаушыдан, сондай-ақ Түркиядан келген науқастың жұбайынан табылған. Осылайша, Өзбекстанда COVID-19 тікелгендер саны 49 адамға жетті.

Осыған орай, Өзбекстанда қосымша бірқатар шектеу енгізілді. Атап айтқанда, 24 наурыздан бастап Ташкент қаласына кіруге және шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, азық-түлік дүкендерінен басқа барлық базарлар мен сауда орталықтары жабылып жатыр.

Бұған қоса, Өзбекстан тұрғындарына коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша карантинде жатқандар мен ауру жұқтырған тұлғалардың ұялы телефондары, аудио және видео құрылғылары, банк карталары мен басқа да заттары уақытша тәркіленеді. Оның себебі аталған жоқ.