Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде транзиттік рейстер тоқтатылды

2020-03-18 66

Ақтөбеде авто, теміржол вокзалдарында залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Әуежайда транзиттік рейстер тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 наурызда Ақтөбе – Мәскеу рейсі тоқтатылды. Бірақ ел ішіндегі рейстер жүріп жатыр. Теміржолда да транзиттік бағыттар тоқтады. Енді Ресейдің Орынбор, Орск, Қазан қалаларына автобус жүрмейді. Ал қалалар арасындағы, яғни, Қостанай, Оралға жол ашық» - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев.

Ақтөбеде облыстық басқарма басшылары онлайн тәртіпте халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Автобус, теміржол, әуе билеттері тапсырылып, құны кері қайтарылып жатыр. Шекара қызметі хабарлама берді. Шетелдіктер өз еліне қайта алады, қазақстандықтар елге кіруге құқылы. Емге бара жатқан адамдар арнайы құжатын көрсетуі тиіс», - деді Мәлімбет Ибрашев.