Ақтөбе облысының жаңалықтары

Наурыз мейрамында адам көп жиналатын жерлерде өтетін шараларға тыйым салынады

2020-03-12 57

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурыз - қазақтың ежелден келе жатқан мейрамы, бірақ ең маңызды мәселе - адамның қауіпсіздігі. Азаматтарға бастарыңды қоспа деп айту қиын, себебі бұрын да бір-бірінің ауылдарына барып амандасып, құттықтап қайтқан. Наурыз мейрамында адам көп жиналатын жерлерде өтетін шараларға тыйым салынады, бірақ азаматтардың бір-біріне барып көрісуіне, құттықтауына шектеу қойылмайды. Әр адам өзін ғана емес, айналасындағыларды, ағайын-туысты ойлауы керек, сол себепті бұрынғыдай 500-1000 адам жиналатын шараларға тыйым салынады», - деді Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетсек, кеше ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялап, соған орай елімізде бірқатар шешім қабылданды.