Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қазақстандық таеквондошылар Бельгияда өтетін турнирден бас тартты

2020-03-11 50

Қазақстандық таеквондошылар Бельгияның Ломмел қаласында өтетін рейтингтік «Belgian Open G-2» жарысынан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған додаға Қазақстаннан 13 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Олар: Елдос Ысқақ, Әлімжан Серікбаев, Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Абдусамат Лес, Нұрқанат Қожахмет, Нұрлан Мырзабаев, Рахым Әділхан, Смайыл Дүйсебай, Руслан Жапаров, Денис Жансель және Самат Темірхан.

Алайда, Қытайдың Ухань қаласында пайда болып, кейін жарты әлемге жайылған аса қауіпті коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты қазақстандық спортшылар аталған жарысқа қатысудан бас тартқан.

Негізі, «Belgian Open G-2» турнирі - маңызды додалардың бірі. Бұл жарыста жеңімпаз және жүлдегерлерге берілген ұпай сандары Олимпиадалық рейтингке қосылады.