Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде 40 бау-бақша ұжымының жеке үйлері заңдастырылмақ

2020-01-28 113

Алайда ол үшін бау-бақша көшелерін кеңейту керек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда қалада орналасқан 40 бау-бақша ұжымының учаскелерінде жеке тұрғын үйлер құрылысын заңдастыруда жұмыс жасап жатырмыз. Алайда тұрғындар бір талапты орындауы керек. Бау-бақша көшелерін кеңейту үшін өз учаскелерінің белгілі бір бөлігінен бастартуы қажет», - деді Әлібек Серікбаев, қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

Дегенмен, бөлім басшысының сөзінше, тұрғындар көшені кеңейтуде белсенділік танытпай отыр. Егер бау-бақша учаскелерін жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге заңдастырса, онда қалалық бюджет есебінен ол жерге газ, жарық пен су тартылатын болады.