Ақтөбе облысының жаңалықтары

Екі күн бойы көлікке қонған ауыл тұрғындары құтқарылды

2020-01-27 206

Далада қалған Шалқар ауданы Тоғыз станциясының тұрғындарына көмек көрсетілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

25 қаңтар күні таңертең «Уаз» автокөлігімен мал іздеуге шыққан ауылдың үш азаматы хабарсыз кетеді. Көліктері бұзылып, жүруге шамасы келмегесін олар далалықта түнеген. Жедел іздестірудің нәтижесінде жол талғамайтын көліктің көмегімен ауыл тұрғындары табылды. Денсаулықтарына зиян келмеген олар қазіргі таңда үйлеріне жеткізілді.

«Аталған азаматтарды іздестіру жұмыстарына Айтеке би ауданынан жол талғамайтын көлік шақыртылып, Шалқар ауданының ТЖБ бастығы және №7 ӨСБ-нің қызметкерлері жұмылдырылды. Тоғыз ауылдық округінің маңындағы 220 км аумақты аралап,  хабарсыз кеткен азаматтар 27 қаңтар күні табылды. Денсаулық мәселесі бойынша арыз шағымдары жоқ азаматтар Тоғыз станциясына жеткізілді», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.