Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ресейде Өзбекстанның 10 азаматы тірідей өртеніп кетті

2020-01-21 186

Ресейдің Томск облысында өрттен Өзбекстанның 10 азаматы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Причулымский ауылындағы бір қабатты ағаш үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама мәскеу уақытымен 00:10-да түскен. Бірінші бөлімше оқиға орнына жеткенде үй толықтай өртке оранған. Жалын 208 шаршы метр аумақты шарпыды. Әуелде бес адамның денесі табылған. Кейінірек, РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі, мерт болғандар саны 10-ға жеткенін мәлімдеді.

Шұғыл қызмет өкілдері тағы екі адамның зардап шеккенін айтты. Үш адам өз беттерімен шығып үлгерген. «Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер Өзбекстан азаматтары», - делінген ақпаратта.

Дереккөз мәліметінше, ағаш үйде ағаш дайындаумен айналысатын «Гринвуд» Жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығының 12 жұмысшысы тұрып жатқан. Зардап шеккен екі азаматқа емханалық көмек көрсетілді.