Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жәрдемақысы екі есеге ұлғайды

2020-01-15 62

Ақтөбе қаласының әкімдігі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне коммуналдық қызметтерін өтеу үшін берілетін жәрдемақы сомасын 20 мың теңгеге дейін көтерді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Былтыр Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне коммуналдық қызметтердің төлемдерін өтеу үшін қалалық бюджеттен ай сайын 10 мың теңгеден бөлініп отырған. Биылдан бастап 20 мың теңгеден берілетін болды.

Сондай-ақ, биыл жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға жылу маусымының 7 айы бойы 10 мың теңгеден төленетін болады. Ал 2019 жылы 3500 теңгеден төленген еді.