Ақтөбе облысының жаңалықтары

Биыл Ақтөбеде мемлекет есебінен 1800-ге жуық пәтер тапсырылады

2020-01-15 53

2020 жылы бюджет қаржысына салынып жатқан 16 үй қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көп қабатты 5 үй және аз қабатты 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұл дегеніміз — 1756 пәтер! Сол сияқты, биыл 950 пәтерлік 9 қабатты үш үйдің құрылысын бастау белгіленді. Ал жеке қаражат есебінен 3028 пәтері бар 27 көпқабатты үй салынып бітеді», - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасымен пәтер кезегінде тұрған 998 адамға баспана кілттері беріледі деген жоспар бар.