Ақтөбе облысының жаңалықтары

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бапкері тағайындалды

2020-01-14 156

Алдағы уақытта жергілікті команданың ойыншыларын ресейлік маман Владимир Маминов жаттықтыратын болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Владимир Маминов ресми түрде клубтың бас бапкері ретінде келісімшартқа қол қойды. Қызметіне кіріскен ол команданы толықтай бақылауына алып, жаңа маусымға жасақтауды бастайды. Ресми түрде таныстырылым клубтың алғашқы жиынынан кейін болады.

Қырық бес жастағы маман он жылдан бері Ресей елінің әр түрлі футбол клубтарында қызмет атқарып келеді. Мәскеудің «Локомотив» клубында бас бапкердің көмекшісі болып жұмысын бастаған ол мансабында «Рубин», «Химки», «Солярис», «Тюмень» сынды комндаларда бас бапкер болған.