Ақтөбе облысының жаңалықтары

АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына соққы жасалды

2020-01-13 154

Ирактың солтүстігінде орналасқан әскери-әуе күштерінің "Балад" базасына соққы жасалды. Мұнда америкалық әскерилер тұрып жатқан, - деп хабарлайды REUTERS. 

Ирак әскерилерінің мәліметінше, жексенбіде базаға "Катюша" қондырғыларынан сегіз снаряд түскен. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына түскен. Ирактық төрт сарбаз, оның ішінде екі офицер жарақат алған.  

АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі АҚШ персоналының зардап шекпегенін хабарлады. Шабуылды кім жасағаны әзірше белгісіз. Еске салайық, 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққыларын жасаған. Олар бұл әрекетін "Әл-Кудс" арнайы бөлімшесінің қолбасшысы генерал Касем Сулейменидің көзін жоюға берілген жауап деп түсіндірген.