Ақтөбе облысының жаңалықтары

Францияда бетперде киген белгісіз біреулер көшеде бірнеше адамды атып кетті

2019-12-26 357

Франциядағы Безансон қаласында бетперде киген белгісіз біреулер көшеде оқ жаудырып, үш адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат France Bleu радиостанциясына сілтеме жасап.

Қолда бар дерекке қарағанда, бетперде киген үш не төрт адам көшеде оқ жаудырып, артынша іздерін суытқан. Полицейлер оқиға орнынан 15 гильза мен граната тапты.

Атыс жергілікті уақыт бойынша 19: 15-те болған. Зардап шеккендердің біреуі ауыр жағдайда. Бірнеше оқ оның кеудесіне тиген. Ал екінші адам жамбасынан жараланған, үшіншісін оқ іліп кеткен.

Безансон прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады.