Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ербол Данағұлов: Жұмыс бар, жұмыс тауып береміз!

2019-11-29 116

Бүгін көп балалы аналарға жаңа атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жиынға келген 150-ден астам көп балалы әйелдердің сұрақтарына қала әкімі Мавр Абдуллин мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов жауап берді.

«Келесі жылдан бастап, атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта төленеді. Еңбекке қабілетті әр адам өз отбасын асырауы үшін жұмыс істеуі керек. Біз отбасы мүшелеріне жұмыс тауып береміз. Егер, мамандығы болмаса, қайта даярлау курстарына жібереміз. Жұмыстан бас тартуға болмайды, осыны ескеріңіздер. Жұмыс бар, жұмыс тауып береміз!», — деді Е.Данағұлов.