Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік оқушы классикалық күрестен Азия чемпионатында алтын тақты

2019-11-25 90

Дамир Ибрашев грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Ақтөбеден шыққан алғашқы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қытай мемлекетінде өткен байрақты бәсекеде 38 кг бойынша Дамир бозкілемде қарсылас шыдатпай чемпион болды. Бұл Ақтөбе спорт тарихында болған алғашқы жетістік. Осы кезеңге дейін жасөспірімдер арасында Азияны бағындыруда спортшыларымыздың жолы болмаған екен.

Тағы бір палуан Алтынбек Жадырасынов 57 кг салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарынан басым түсіп, ақтық сынға дейін барды. Нәтижесінде күміс медалды еншіледі.

Екі спортшы қазіргі таңда Есет батыр атындағы мамандандырылған олимпиада даярлау резерві мектебінде білім алып жатыр. Бұған дейін олар Дәулет Тұрлыханов атындағы республикалық турнирде топ жарып Азияға жолдаманы жеңіп алған болатын.