Ақтөбе облысының жаңалықтары

Бортында 150 адамы бар круиздік лайнер Андаман теңізінде жартасқа соғылды

2019-11-25 66

La Belle Des Oceans круиздік лайнері тайландық Пхи-Пхи аралдары маңында Андаман теңізінде жартасқа келіп соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Maritime Bulletin басылымына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Maritime Bulletin басылымы жазғандай, келеңсіз жағдай жергілікті уақыт бойынша 02:00-03:00 аралығында орын алған.

Қолда бар мәліметтер бойынша, кеменің бортында 90 жолаушы және 60 экипаж мүшесі болған.

Оқиға салдарынан лайнердің алдыңғы бөлігінің корпусы суға батып кеткен. Соған қарамастан кеме Тайландтың әскери теңіз күштерінің бақылауымен Пхукет аралына дейін өздігінен жеткен. Сағат 10:30 шамасында борттағы барлық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Бельгия жалауы бар La Belle Des Oceans Малайзияның Пинанг аралынан Пхукет маңындағы Тайландтағы Пхангнга шығанағына бара жатқан.