Ақтөбе облысының жаңалықтары

Тасқопадан табылған алтын адамға ғалымдар баға берді

2019-11-12 288

Темір ауданы Тасқопа ауылы маңынан табылған алтын адам ел ғалымдардың қызығушылығын арттырды. Құнды жәдігерге жоғары баға берген археологиялық институт зертханасының мамандары Ақтөбеде жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Тарихи қазба біздің заманымызға дейін 4-5 ғасыр бұрынғы сармат дәуіріне жатады. Тарихшылар бұл жерге сол кездің патша , көсемі жерленген деп болжап отыр. Алтын адамның сауыт-сайманынан бастап, барлық киімі алтынан құйылған.

"Иссиктен табылған алтын адамның кейбір заттары таза алтын емес. Тасқопада табылған адамның бас киімі де ерекше. Бас киім темірден жасалған. Темір пластинадан жасалған. Үстіне алтын жалатылған",-дейді Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институттың жетекші ғылыми қызметкері Дархан Байтілеу.

Ғалымдар алтын адамды табылған жердің топырағымен қоса қазып алып, музейдің қоймасына сақтап қойған. Зерттеу жұмыстары жалғасатын болады.