Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік футболшылар биылғы маусымның үздіктер қатарында

2019-11-12 192

Нұр-Сұлтан қаласында өткен биылғы футбол маусымының жабылу салтанатында ақтөбелік футболшылар жеңімпаздар қатарында болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Марпатталғандардың қатарында шағын футболдан «Ақтөбе» командасының ойыншысы Қайрат Иманалин «Үздік ойыншы» атанса, биылғы турнирде ерекше көзге түскен жергілікті футболшы Абат Айымбетов «Үздік шабуылшы» номинациясын иеленді.

Сонымен қатар, Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін Ұлттық құраманың экс-капитаны, «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақовқа арнайы номинацияны тапсырды.