Ақтөбе облысының жаңалықтары

«100 жаңа есім»: Үміткерлер арасында әлем чемпионы Жалғас Жұмағұлов бар

2019-11-07 110

Ақтөбе облысы бойынша 82 үміткерге дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«100 жаңа есім» жобасына үміркерлер арасында спорт, мәдениет саласының жастары көп. Сонымен қатар қоғам, бизнес, ғылым саласында өз-өзін ұсынғандар да жеткілікті. Бәрінен Fight Nights Global чемпиондық титулын сақтап қалған Жалғас Жұмағұловтың өмірбаяны қысқа жазылған. «ММА-дан Fight Nights Global лигасының әлем чемпионы, чемпиондық белбеудің иегері». Өзге ақпаратты спортшы артық деп тапса керек.

Айта кетейік, спортшылар арасында каратэден Қазақстанның спорт шебері Нұрқанат Әжіқанов, Қазақстанның 8 дүркін чемпионы зілтемірші Томирис Советова, бапкер Абылай Қосмұратов, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов, Токио олимпиадасына жолдама алған Нұрислам Санаев, каратэші Ринат Сағандықов, ММА-дан M1 GLOBAL лигасының әлем чемпионы, чемпиондық белбеудің иегері Сергей Морозов бар. Барлығы 26 спортшы өз кандидатурасын ұсынды. Ғылым саласында мұғалімдер басым. Барлығы 24 үміткер бар. Мәдениетте әншілер мен ақындар, театр қызметкерлері, кітапханашылар, мұражай мамандары бар.

Екінші кезеңге өткен үміткерлерге дауыс беру 20 қарашаға дейін жалғасады. Кейін іріктеуден өткендерді арнайы комиссия талдайды. Қазіргі кезде әлемге танымал ақтөбелік спортшылар өте аз дауыс жинаған. https://100janaesim.ruh.kz/