Ақтөбе облысының жаңалықтары

Байғанинде онкологиялық дертпен 72 науқас есепте тұр

2019-10-31 171

Біздің елімізде ғана емес, әлемде онкологиялық ауру түрі және оларға шалдыққан науқастардың саны көбеюде. Қазіргі медицина дерттің басым бөлігін емдеуге мүмкіндік береді.

Бір ғана Байғанин өңірінде онкологиялық дертпен 72 науқас есепте тұр. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, қатерлі дертке шалдыққандардың дені егде жастағы адамдар.

«Ауданымызда профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіліп тұрады. Барлық науқастарымыз тұрақты емін алып отыр. Ауданда онкологиялық аурудың алдын алуға бағытталған арнайы бағдарламамен сабақ жүреді. 8 мыңнан аса бала профилактикалық тексеруден өтті. Оның ішінде 480 баладан әртүрлі ауру белгілері анықталып, 215 бала есепке алынған»,-дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрлыгүл Сүндетқызы.

Дәрігерлердің мәліметінше аудан халқының өмір сүру ұзақтығы 72 жас. Халықтың дегсаулығы жылдан жылға жақсарып келеді.  

Экологиялық аймаққа жататын Байғанин өңірінде жаңа босандыру орталығы жабдықталып жатыр.