Ақтөбе облысының жаңалықтары

«Жусан» операциясы кезінде елге оралған адамдарға көмек көрсетілді

2019-10-24 253

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыстағы 6 ауданда түрлі шара өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жоба аясында 100-ден астам маман мен сарапшы жұмыс істеді. Олар барлығы 26 ауылды аралап, 191 адамға нақты көмек берілді.

«Вакцина алудан бас тартқан отбасылармен кездесіп, екпенің маңыздылығы түсіндірілді. Апта бойы екі теолог «Жусан» арнайы операциясы шеңберіндегі Сириядан қайтарылған адамдарға әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар-тренингтер өткізілді, діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихаттау деректі фильмдері көрсетілді», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, барлығы 7 бизнес жоба мақұлданып, оларға түрлі бағдарламалар аясында 17,9 миллион теңге берілді. Сонымен қатар 56 адам жұмысқа орналасып, 9 отбасыға жәрдемақы тағайындалды. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында білікті дәрігерлер де көмектесті. Олар алдына келген 133 науқасқа ем жүргізді.