Ақтөбе облысының жаңалықтары

Прокуратура полиция тіркемеген 13 қылмысты анықтады

2019-10-22 343

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев полиция қызметкерлері тіркемеген 13 істің бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жасұлан Дәулембаевтың айтуынша, Ақтөбе қаласының тұрғыны ұрыс кезінде 68 жастағы қарияны ыдыспен басынан ұрып, жазадан жалтарған. Себебі полиция мұны тұрмыстық ұрыс-керіс деп тіркеп, әкімшілік хаттама толтырған.

«Сараптама қорытындысы бойынша қарияның денсаулығына ауыр зиян келтергені белгілі болды. Бұл қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Алайды полиция тек әкімшілік хаттама толтырумен шектелген. Тексеруден соң әкімшілік іс тоқтатылып, аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сот алды тергеуді басталды. Биыл ішкі істер органдары тіркемеген 13 қылмыстықтық іс анықталды», - деп хабарлады прокурор.