Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қыш тақтайшаларын шығаратын зауытқа инвестор табылды

2019-10-22 198

Хромтаудағы зауытқа қытайлық инвесторалар келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста 25 жоба іске асырылып жатыр. Жыл соңына дейін құрылыс саласында қыш тақтайшаларын және кірпіш шығаратын зауыт іске қосылады.

«Зерде-Керамика» ЖШС-нің құрылысына 9 миллиард теңге жұмсалды. Қазіргі кезде құрал-жабдықтың екінші топтамасы Италиядан жеткізіліп жатыр. Дәл осындай зауыт Шымкент өңірінде де бар. Ақтөбедегі зауыт Ресей нарығына, экспортқа бағытталады. Ал кірпіш зауытын салуға 15 миллиард теңге жұмсалып отыр. Мұнда жылына 120 миллион дана кірпіш шығарылады. Барлығы 45 адам жұмыс істейді», - деді облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Ермағамбетов.

Облыста жұмысын тоқтатқан зауыттарға инвестор іздеу жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі кезде инвесторлардың қызығушылығын тудырған Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты екінші деңгейлі банктің меншігіне өтті. Банк зауыт үшін қомақты қаржы сұрап отыр. Ал мемлекеттік қолдаумен қайта ашылып, жұмысы тоқтап қалған «Керамика» АҚ-ы қайта жанданады.

«Қытай инвесторы қаржы салып жатыр. Үш желі арқылы іске қосылады. Бірінші желінің қажетті жабдығы 2020 жылдың наурыз айында әкелінеді. Инвестициялық келісімшарт аясында кеден, баж салығынан босатылды», - деді Дархан Ермағамбетов.