Ақтөбе облысының жаңалықтары

Алматы көшесін ыстық су басты

2019-10-14 255

 

Алматыда жылу құбыры жарылып, көшені ыстық су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апат Бөкейханов пен Райымбек көшелерінің қиылысында болған. Оқыс оқиғаның суреті мен видеосын әлеуметтік желіде куәгерлер жариялап жатыр.

3 көлік ыстық суға батып қалды. Жүргізушілер көлігінің төбесіне шығып кеткен.