Ақтөбе облысының жаңалықтары

Беларусь инвесторына көмек көрсетілді

2019-10-14 670

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Беларусь инвесторына кедергі келтірген жергілікті атқарушы биліктің жұмысын сынады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Protecting business and investments» жобасы аясында 28 келісімшартқа қол қойылып, инвесторлардың 4 триллион 177 миллиард теңгеден астам қаржысы қорғауға алынды. Қазіргі уақытта инвесторлардың 55 сұрағы өз шемімін тапты.

«Мәселен, департаменке мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз болған кәсіпкер хабарласты. Ол бір тауарды жеткізуге конкурсты ұтып алған. Ал тапсырыс беруші кәсіпкермен келісімшартқа отырып, жұмыс істеуден бас тартқан. Тіпті өз еркімен бас тартып, үшінші тараптың пайдасына шешуді сұраған. Тексеруден соң әкімшілік кедергі жойылып, кәсіпкер жеткізу қызметін атқаруға кірісті. Сонымен қатар «Казмедбиотех» ЖШС-нің директоры, Беларусь инвесторы жер телімінің нысаналы бағытын өзгертуді сұрағанда жергілікті атқарушы орган негізсіз бас тартқан», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Мирлан Бегежанов. «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы бірлесе инвесторға көмектесті.