Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ғалымдар квантты компьютер жасады - Quanta Magazine

2019-10-14 221

«Ғалымдар квантты компьютер құрастырды. Ол классикалық компьютерден несімен ерекшеленеді?», деп жазады ҚазАқпарат Quanta Magazine  басылымына сілтеме жасап. Автордың айтуынша, Google жариялаған мақалада квантты компьютер құрастырылғаны айтылған.

«Авторлар квантты компьютер квантты есептеулерді қазіргі таңдағы ең қуатты суперкомпьютерлерге қарағанда бірнеше минутта шығара алатынын айтады. Егер бұл рас болса, эксперименталды физикада үлкен жетістікке жеттік дей беруге болады», деп жазады автор. Дегенмен, мақалада компьютерге берілген есептеулер арнайы іріктелгені жазылған.

«Бұл классикалық компьютерге қиын болғанымен, оның есептелуінің еш пайдасы жоқ. Соған қарамастан, нәтиже керемет. Ал ғалымдар квантты компьютер классикалық компьютерден бірнеше есе қуатты екеніне дәлел бар екенін айтты», деп жазады автор. Яғни, компьютердің жұмыс істейтіні белгілі болғандықтан, енді оған пайдалы операцияларды жасатуға болады.

«Квантты компьютерді басқару өте қиын. Сол себепті егер бұл жүйені ақпаратты сақтау және өңдеу үшін пайдаланғымыз келсе, оны қоршаған ортадан оқшау ұстау керек. Сонымен қатар жүйені сырттан бақылау қажет болады. Бұл критерийлерге сай келетін квантты жүйені жасау өте қиын», деп жазады автор.

Оның айтуынша, бұл жаңа дәуір бастауы бола алады.