Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбенің 150 жылдығына Мұғалжар ауданы Жеңіс скверін жаңартып берді

2019-10-07 1175


500 метрлік скверді абаттандыруға мемлекеттік бюджеттен қаржы жұмсалмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кеше, Тұрғын үй қалашығы ауданында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақтөбеліктердің құрметіне жасалған Жеңіс сквері қолданысқа берілді. Мұғалжар ауданы кәсіпкерлерінің қаржысына жөндеуден өткен аллеяда ағаштар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.
«Қоршауды ауыстырып, жарықтандыру жүйелерін жаңарттық. Талдарды суару үшін құдықтар қазып, су сорғыштар орнаттық. Сонымен қатар отырғыштар мен қоқыс жәшіктерін ауыстырдық», деді «Ремгорстрой» ЖШС директоры Ринат Ещанов.

Салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева мұғалжарлықтарға алғысын білдіріп, қаланың мерейтойына орай тағы 10 аудан сыйлық жасайды деп жеткізді.