Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қытайдың Хайнань аралында торнадодан сегіз адам қаза тапты

2019-08-29 1951


Қытай Халық Республикасының оңтүстігіндегі аралдық провинция – Хайнань қаласында торнадо салдарынан сегіз адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа-ға сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, таңғы сағат 04.00 шамасында торнадо Даньчжоу қаласымен өткен. Құрылыс алаңында жұмысшылардың қосалқы нысанының қирауы салдарынан сегіз адам мерт болды. Бір адам ауыр зардап шеккен. Сондай-ақ, бір жұмысшы жеңіл дене жарақатын алған.

Билік оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бригада жіберді.