Қазақстан

Ақтөбелік шенеунікті алдап кеткен Биекенованың әкесі жалғыз қызын қорғауға рұқсат алды

№2 қалалық сотта алаяқтық бабымен айыпталып отырған Ботакөз Биекенованың ісі бойынша сот отырысының тыңдалымы өтуде. Оған ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі бойынша, яғни аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ашық түрде өтіп жатқан сот процесіне Биекенованың әкесінің енді қорғаушы ретінде қатыса алатындығы анықталды. Алғашқы сот отырысында 39 жастағы келіншектің әкесі соттан өзінің қорғаушы ретінде қатысуына рұқсат сұраған болатын. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Биекенованың ісіне қатысты басқа бір сот отырысында куәгер

Мектеп директоры 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбедегі №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бұрыңғы директоры Айдархан Әзімбаев сот залында қамауға алынды. Мектеп ғимаратындағы асхана меңгерушісінен жұмысын жалғастыру үшін 300 мың теңге пара алған директор мен оның есепшісіне қатысты үкім әріптестерінің алдында оқылды. Бұл өзгелерге сабақ болу үшін жасалған әдіс. №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Гүлнәр Тілепова ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша, директорды кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Енді бұрынғы мектеп басшысы өз жазасын

Оралман қыз әкімнен «қармақ» сұрады

Өңір басшысының халыққа есеп беру жиынында сөз алған Қытайдан көшіп келген оралман қыз Ақтөбеде жұмыстың жоқтығын айтып, Бердібек Машбекұлынан «қармақ», яғни жұмысқа орналасуға көмек көрсетуін сұрады. Ол физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бір жыл бойына жұмыс таба алмай жүрген көрінеді. — Мен сізден үй немесе ақша сұрамаймын. Мақалдағыдай, ең дұрысы қармақ беріңіздер, ал балықты өзім аулаймын. Менің жоғарғы білімім бар, бірақ жұмыс таба алмай жүрмін. Еңбекпен қамту орталығына бардым. Ондағылар

Байғанин ауданында үш жылқышының мәйіті табылды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылының жанындағы мал ауылда 76 бас жылқы бағып отырған үш малшының денесі табылды. Осы оқиғаға қатысты Байғанин ауданының әкімі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. «Қаза болғандардың барлығы ауыл адамдары. Малшыларға машиша жөндеуге бір адам барады. Сол жақта бірнеше күн болған. Ішімдік ішкен болулары мүмкін. Іс тергеліп жатыр. Қолымыздан келгенше жерлеу жұмыстарына көмектестік. Қазіргі кезде оқиғаға қатысты күдікті адам қолға түсті»,-дейді Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов. 56 жастағы

Сот қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына төрт жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер түспеген. «Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі — пара. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және

Облыс әкімінің есебіне тұрғындарды автобустар ақысыз апарады

Ақтөбеліктерді облыс әкімінің есептік кездесуіне ақысыз апаратын автобустар бөлінеді. Теннис орталығында өтетін есептік кездесуге 22-ақпан күні таңертеңгі сағат 9.00-де тұрғындарды ақысыз жеткізетін және кейін қарай әкелетін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Еске салсақ, ертең сағат 11.00-де теннис бойынша мектепте облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тұрғындармен кездесуі өтеді. Ақысыз автобустар Тұрғындар қалашығы ауданында «Алақай» қуыршақ театрының алдында, «Айна» сауда үйінің алаңында, 12-шағын аудандағы Халық банкі ғимаратының алаңында, Т. Ахтанов атындағы Драма театр алдында және темір

Облыс аумағында заңсыз жүрген 108 шетелдік анықталды

15-17 ақпан аралығында өткен «Мигрант» алдын алу шарасы барысында ел аумағында болу ережесін бұзған 287 шетелдік анықталған. Олардың 108-і сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Бұл туралы заңсыз жүретін шетел азаматтарына қарсы миграциялық полиция ұйымдастырған шара барысында белгілі болды. — Миграциялық полиция қызметкерлері Қазақстан аумағында болу ережесін бұзған шетел азаматтарымен жұмыстар жүргізді. 45 азамат әкімшілік жауапкершілікке тарту ережесін бұзған. Сонымен қатар, шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан 20 жұмыс беруші жауапқа тартылды.