Басты жаңалықтар

Ақтөбеде теракт оқиғасына қатысқандарға үкім оқылатын сот залы жаңартылды

Ауыр істерді қарайтын мамандандырылған сот 1,5 миллион теңгеге техникалық жабдықтар алған. Ақтөбедегі теракт оқиғасына қатысқандарға үкім оқылатын облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қазір қызу дайындық үстінде. Сот төрағасы теракт оқиғасына қатыстылардың ісі сотқа әлі түспесе де қауіпсіздіктің күшейтіліп жатқанын айтты: — Іс басталған кезде баспасөз қызметі арқылы хабарланатын болады. 5-маусым күнгі оқиғаға қатысы бар күдіктілердің ісі прокуратурада тергеуде болғандықтан біздің тараптан ештеңе айта алмаймыз. Себебі іс сотқа түскен

Ауыл кәсіпкерлігін дамыту мәселесі талқыланды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады. Ақтөбеде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану мәселесі сөз болды. Өңірде 60 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Әсіресе, ауыл кәсіпкерлігіне ерекше ден қойылған. Абылай Мырзахметов облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған ауыл тұрғындарын оқытуға арналған «Бастау» жобасына оң баға берді. 14 қыркүйекте Шұбарқұдық ауылынан басталған оқыту курстарына осы уақытқа дейін Темір ауданының 160 тұрғыны

Ақтөбеге келген жұмыс тобы 8 күнде не істеді?

Бас прокурор Жақып Асанов бастап келген 200 адамнан тұратын жұмыс тобының Ақтөбеде жұмыс істеп жатқанына 8 күн болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының бір апталық жұмысын қорытындылаған кеңейтілген отырысқа қатысты. Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» хабарлады. — Азаматтарды жеке қабылдаулар жүргізілді. Мұндай кездесулер өте тиімді, азаматтар зейнетақы, жұмыс, тұрғын үйге қатысты мәселелерін айтып келіп жатыр. Кездесулерді ұйымдастыруға қатысты ешқандай кедергі жоқ, — деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко. Андрей Кравченконың

Дизель отыны ақтөбелік диқандарға ең арзан бағамен берілген

Ақтөбелік диқандар күзгі жиын-терім науқанында еліміз бойынша ең арзан бағамен берілген дизель отынын пайдаланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Биыл 341 мың гектар алқапқа дән себілді. Қазір одан 416 мың тонна астық алынып отыр. Орта есеппен өнім гектарынан 12,5 центнерден алынып жатыр. Өткен жылы 175 мың тонна астық орылған еді. «Биылғы жаз жаңбырлы болғандықтан, әсіресе Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы аудандары мен қала іргесіндегі ауылдар мол өнім алып

Зейнетке шыққан ұстаздарға сауықтыру орындарына жолдама берілді

Ақтөбе қаласында соңғы бес жылда 15 мектеп, 30-ға жуық балабақша салынды. Алдағы үш жылда қаладағы барлық мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, спорт залы жоқ мектептерге спорт залдар салынады, тағы 15 мектептің құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында айтты. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өткен шараға қала мектептері ұстаздары шақырылды. — Дүниедегі ең қадірлі мамандықтың бірі — ұстаз. Ол болашақты тәрбиелеуші адам. Елімізде қандай да

Ақпараттық топ аудан тұрғындарының денсаулығын тексеріп, кәсіп ашуға, жұмысқа тұруға көмектесті

Ақтөбе облысының әлеуметік-экономикалық проблемалар шешу үшін келген арнайы топ Алға, Шалқар, Мұғалжар аудандарына барды. Еліміздің медицина саласындағы ғылыми-зерттеу институтынан, ғылыми орталықтарда қызмет ететін 20 жетекші маманнан тұратын дәрігерлік топ балалар мен ересектерді қабылдады. Бұл акция облыстың бес ауданында өткізіледі, оған Астана мен Алматыдан алма-кезек келетін 80 маман қатыспақ. Ғылыми орталықтар мамандары Алға аудандық ауруханасының есмханасында халыққа кеңес беру-диагностикалық қызметін көрсетеді. Әзірге 1329 алғалық қабылдауға келді, олардың 501-і балалар. Осы қаралғандардың

Астанадан келген теологтар базарда тұратын намазхандармен кездесу өткізіп жатыр

Ел тыныштығын сақтау мақсатында облыс аумағында жұмыс істеп жатқан насихаттық топ бірнеше ауданда болып үлгерді. Имамдар мен теологтардан тұратын топ Ақтөбеде халық көп шоғырланған Алға, Шалқар аудандарына барды. Олар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жекелеген кездесулер өткізіп жатыр. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ресми сайты насихат тобының базар жанында сауда жасайтын намазхандармен де кездесу өткізгенін хабарлайды. Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға кезінде күдіктілердің дені осы базарлар жанында сауда жасайтындар екенін айтылған болатын.