Әлем

АҚШ Сирия билігіне химиялық қарумен шабуыл жасамауды ескертті

  Ақ үй Сирия үкіметі кезекті рет химиялық қару қолданып шабуыл жасауға дайындалып жатқан болуы мүмкін деп мәлімдеп, Дамаск жаңа химиялық қару шабуылын жасаса «сазайын тартатынын» ескертті. 26 маусым күні кешке таратқан мәлімдемеде Сирия үкіметі жасап жатқан әрекеттер 4 сәуірде жасалған химиялық қару шабуылы қарсаңындағы дайындықтарға ұқсайтыны айтылған. Ол кездегі шабуылдан ондаған бейбіт тұрғын қаза тауып, бірер күннен соң АҚШ президенті оған жауап ретінде Сирияның әуе базасын қанатты зымырандармен атқылауға

Google экстремистік видеолардың YouTube-те таратылуына қарсы күресті күшейтпек

Alphabet холдингіне кіретін америкалық Google компаниясы YouTube интернет-сервисіндегі экстремистік видеолардың таратылуына қарсы күресті күшейтуде. Бұл туралы жексенбі күні Маунтин-Вьюдағы компанияның штаб-пәтерінде (Калифорния штаты) жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ТАСС. Google компаниясы мәлімдегендей, корпорация жуық арада терроризм мен басқа да экстремистік мазмұндағы видеоларды автоматты түрде анықтап, өзі өшіріп отыратын құралды жаңартып, оның жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, компания мұндай таспаларды іздеп, оларды өшіріп отыратын қызметкерлер санын арттыруды көздеп отыр. Бұдан бөлек, Google интернеттегі

Лондонда мешіт маңында болған оқиғадан сегіз адам ауруханаға жеткізілді

Лондондағы мешіт маңында болған оқиғадан сегіз адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Рейтер агенттігі полицияның хабарламасына сілтеме жасай отырып. «Сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Екі адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді», — деп хабарлайды агенттік полиция өкілдеріне сілтеме жасап. Сондай-ақ, болған оқиғадан бір адамның қаза болғаны айтылады. Еске сала кетейік, осыған дейін Лондонда фургонның мешіттен шығып келе жатқан адамдарды қағып кеткені жайлы хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша

БАҚ ДАИШ астанасы қайда көшіп жатқанын анықтады

ДАИШ («Ислам мемлекеті») лаңкестік ұйымының басшылары Мосул мен Ракка қалаларынан кетіп, Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясындағы Меядин қаласына көшіп жатыр. Бұл туралы Associated Press басылымы Сириядағы америкалық шенеуніктер мен белсенділерге сілтеме жасай отырып хабарлады, — деп жазады Lenta.ru. Басылымның мәліметінше, лаңкестік ұйымдағылардың қашуына Ракка мен Мосул қалаларында жүргізіліп жатқан шабуылдар себеп болған. Халықаралық коалиция АҚШ-пен біріге отырып лаңкестерді қуып шығару үшін осы екі қалаға шабуыл жасап жатыр. 2017 жылдың қаңтар айында

Лондон полициясы терактіге қатысы бар 18-ші күдіктіні қамауға алды

Полиция Лондонның шығыс бөлігінде ел астанасында теракт ұйымдастыруға қатысы бар 18-ші күдіктіні қамауға алды — ол 29 жастағы ер адам. Оның пәтерінде тінту жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Daily Mail. BBC мәліметінше, қазіргі уақытта қамауға алынғандар саны — бесеу, қалғандарының барлығын полиция айып тақпастан босатып жіберген. The Sun мәліметінше, микроавтобус бір топ адамды қаққан. Кейін көліктен 30 сантиметрден асатын пышақ ұстаған үш адам көшедегілерге шабуылдаған. Салдарынан кем дегенде 7 адамның

Катармен байланысын үзген елдер "террористер тізімін" түзді

Катармен байланысын үзген араб елдері Сауд Арабиясы, Египет, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері «Катармен байланысы бар болуы мүмкін» және «терроризм мен экстремизмге қолдау көрсететін» ондаған адамның тізімін жасады. Сауд Арабиясы басқарған топ тізіміне 59 адамды, оның ішінде «Мұсылман бауырластар» қозғалысының Египеттегі жетекшісі Юсеф Кардавиді және Катар қаржыландыратын 12 қайырымдылық ұйымын қосты. Катар билігі өзіне тағылған айыптауды жоққа шығарып, БҰҰ қабылдаған терроризмнің алдын алу және оны қаржыландыруға тыйым салу шараларына сай

Құтқарушылар Мяньмада құлаған ұшақ орнынан 10 адамның денесін тапты

Мяньманың әскери-теңіз кемесінің қызметкерлері Андаман теңізінен жоғалған әскери ұшақ бөлшектері мен әуе апатынан қайтыс болған 10 адамның денесін тауып алды, деп хабарлайды Reuters агенттігі елдегі қарулы күштер өкіліне сілтеме жасап. Олардың арасында төрт бала бар. Үш адамның денесі 7 маусым күні, қалған жетеуі келесі күні табылған. Мяньманың оңтүстігінде орналасқан Янгон гарнизондарынан әскери қызметкерлер отбасын тасымалдаушы ұшақ 7 маусым күні Андаман теңізі үстінен ұшып бара жатып радардан жоғалып кеткен. Бортта 122