Ақтөбе жаңалықтары

Мереке күні ақтөбелік 25 отбасы баспаналы болды

ҚР Тұңғыш Президенті күні Ақтөбеде 25 отбасы жалға берілетін тұрғын үйлер мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер кілттеріне ие болды. Облыс орталығындағы Батыс-2 шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің құрылысы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ-ның тұрғын үй желісі бойынша жүргізілді. Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, биыл Ақтөбеде кем дегенде 580 мың шаршы метр үй  беріледі: Мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған күннен бастап жүргізіліп келе

Ақтөбе Тәуелсіздік мерейтойы аталып өтпей, жаңа жылға қамданбайды

Тәуелсіздік мерейтойы аталып өтпей, қала жаңажылдық мерекеге қамданбайды. Қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров бастаған топ кәсіпкерлік нысандары ғимараттарының алдына қойған шыршаларды алғызып тастады. Жаңа жылға ерте дайындалған кәсіпкерлерге ескерту жасалып, Жаңа жылға тәуелсіздік күнінен кейін қамдану керек деген талап қойылды. Әз-Наурыз көшесіндегі ірі сауда орындарының бірі «Дина» супермаркеті мен «Рояль» мейрамханасының иелеріне ескерту жасады. Олар белгіленген мерзімде ғимарат аумағын қоқыстан тазартулары керек. Жалпы, мерекелік безендірулерге қатысты ескертпелер жанар-жағар май бекеттерінің

Ақтөбеде жас кәсіпкерлерге қолдау мол

Жас кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау алу жолдары және бизнесте жетістікке жетудің қыр-сыры түсіндірілді. Жаңадан іс бастаған 120 кәсіпкердің басын қосқан форум шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталды. Жас кәсіпкерлер форумы семинар-тренинг және шеберлік сағаттарын өткізудің тиімді алаңына айналды. — Басқосу бірінші кезекте, бизнес иелерінің әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Бүгінде кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау бар. Соны пайдаланып жастар қорықпай, өз кәсібін ашулары керек. Кедергілер кез келген жұмыста кезігеді.

Ілияс Испанов 100 жастан асқан қарияларды ел Тәуелсіздігімен құттықтады

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов 100 жастан асқан қарияларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, шаңырақтарына бас сұқты. Қала басшысы ақ жаулықта аналар мен ақсақалдардың көңіл күйін сұрап балаша қуантты. Шай қоржынынан сыйлықтар үлестірілді. Ақтөбеде Ұлы отан соғысына қатысқан 90 ардагер мен 100 жастан асып отырған 18 қария бар. Солардың бірі  101 жасқа толған Жақыбай Бисенғалиева. Үш қыз, екі ұл тәрбиелеген ақжаулықты ана 3 немере, 6

Ақтөбеде «Алақайдың» әріптеріне қатысты ескерту жасалды

Қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева бастаған «тазалықшылар» тобы тұрғындар қалашығындағы жұрт көп шоғырланатын қоғамдық орындарға барды. Дүкендердің сатпа-сатпақ есік-терезесі, тозған табалдырығы, ыбырсып жатқан айналасына қатысты иелеріне ескерту жасалды. Маңдайшаларындағы жазулары өшіріліп қалған, әріптері түсіп қалған немесе ілген жарнамасы заңнама талабына сай келмейтін кәсіпкерлік нысандары бұл аумақта көп болып шықты. Бір бұл ғана емес осы аудандағы «Алақай» қуыршақ театрының да сиқы мәз емес. «Алақай» деген жазудың әріптері қараңғыда тегіс көрінбейтін болып

Ақтөбеде сайлау науқандарын ұтымды өткізу жолдары талқыланды

Сайлау процессіне қатысушыларды құқықтық оқытуды ұйымдастыру және сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша семинар-кеңес бүгін облыстық әкімдікте өтті. Оған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов арнайы келді. Семинар кеңестің барысында сайлау комиссиялырының жергілікті өкілдіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының өзара байланысын нығайту жолдары талқыланды. Семинарға қатысқан аумақтық сайлау коммиссияларының мүшелері жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Бақыт Мелдешовтің айтуынша, мұндай оқулар тек сайлау алдында ғана емес жыл бойы

Ақтөбеде ауаны ластайтын зауыттарға талап күшейеді

Ақтөбеде ауаны ластап жатқан зауаттардың басшылығына талапты күшейту туралы жауаптыларға міндет жүктелді. Экологиялық ахуалдың өзекті мәселелері облыстық әкімдікте өткен кеңестің тақырыбына арқау болды. Соңғы үш жылда қолға алынған қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралардың нәтижесінде ауаны ластайтын өндіріс қалдықтарын 14,5 мың тоннаға немесе 8 пайызға азайту мүмкін болған. 2015 жылы ауаға тараған өндіріс қалдықтарының көлемі 168 мың тоннаны құрады. — Тұрмыстық қатты қалдықтар экологиялық ахуал үшін ең өзекті мәселе. Жыл сайын