Ақтөбе жаңалықтары

I LOVE ASTANA: Ақтөбелік кітапханашылар Елорданың 20 жылдығына инсталляциялар әзірледі (фото)

Астананың 20 жылдығына орай ақтөбелік кітапханашылар ерекше шара өткізді. Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы Астананың 20 жылдығына орай елорда тақырыбында кітаптардан инсталляциялар әзірледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Кітапхана директоры Гүлжайнар Қалдинаның айтуынша, Елордадағы Ақ үй мен ғимараттар бейнеленді. Сонымен бірге, «I LOVE ASTANA» деген жазбалар әзірленді. Кітаптан киіз үй тұрғызылған. «Шараның мақсаты — оқырмандар тарапынан кітаптар мен жергілікті басылымдарға қызығушылық арттыру», — дейді кітапхана директоры.

Ақтөбеде подъездерде түнеп келген қостанайлық жүкті әйелдің құжаттары дайын болды

Ақтөбеде айға жуық уақыт көшеде, кейін подъездерде түнеген Татьяна Экштейннің денсаулығы жақсарып, құжаттары да дайын болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Осыған дейін хабарлағанымыздай, ауыр халде Аналар үйін тауып келген қостанайлық бойжеткеннің қазіргі таңда денсаулығы қалыпты. Төлқұжаттары дайындалып, ауруханаға тіркеуге алынған. «Төлқұжаттары рәсімделді. Барлық жағдайын жасап, жаңа киімдер алып бердік. Ауруханаға тіркеуге қойдық. Енді тек босануын күтіп отырмыз. Босанған соң Қостанайға барғысы келмейді. Осы Ақтөбеде қалып, аспаз болып жұмысқа кіргісі келеді»,

Ақтөбеде жыл басынан бері 7 адамды, оның ішінде 14 жасқа толмаған 1 баланы зорлап кеткен

Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы Статистика комитетінің мәліметіне сүйеніп, Aktobenews.kz тілшісі хабарлайды. Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында 7 зорлау дерегі тіркелген. Соның біреуі «Зорлау» бабының 4-ші бөлімі деп көрсетілген. Баптың бұл бөлімінде 14 жасқа толмаған балаға қатысты зорлау әрекеттері қарастырылады. Кәмелет жасқа толмаған баланы қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлердің бірінде зорлаған. Еске сала кетейік, жуырда Ақтөбеде жас қызды қорлап өлтірмек болған 36 жастағы тұрғын 10 жылға сотталды. Көрнекі фото: riavrn.ru

Салықшылардың «тонап жатқанын» айтқан мүгедек кәсіпкер Сапарбаевтан көмек сұрады

Ақтөбелік кәсіпкер жылап тұрып облыс әкімінен араша сұрады. Айтуынша, мүгедек баласымен бірлесіп ашқан кәсібіне қысым көбейіп кеткен. «Мен өзім екінші топ мүгедегімін. Отбасымызбен шағын кәсіп ашып едік. Бізге тоқтаусыз айыппұл салып, қысым көрсетіп жатыр. Мен мүгедек екенмін деп бір жерден ештеңе сұрағым келмейді. Балам да бірінші топ мүгедегі. Екеуміз несие алып, кәсіп ашқан болатынбыз. Бірақ маза бермей отыр. Қысым көрсетіп, жұмыс жасатар емес. Салықшылар төлемді бір күнге кешіктіргеніміз үшін 700

Түнгі Ақтөбенің балалары: Жергілікті билік олардың ата-аналарының тізімін жариялады

Ақтөбе билігі түнімен көше кезетін балалардың ата-аналарының тізімін жариялады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қала әкімдігі мен жергілікті полиция 14-17 ақпан аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» рейдінің қорытындысын шығарды. «Төрт күн бойы ата-аналарынсыз көшелерде және көңіл көтеру орындарында болған үшін полиция учакесіне 68 кәмелетке толмағандар қамауға алынды. Олардың ішінде 1 студент, 27 оқушы және 40 колледж студенттері бар», — деп хабарлады қала әкімдігінен. Ақтөбе техникалық, политехникалық, жол және құрылыс-монтаж колледждерінің оқушылары

Қазақстандықтардың 90% теріс діни ағымдарға қарсы

Қазақстандықтардың басым бөлігі қалыпты дін мен радикалды идеологияны ажырата алады. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде халықтың көпшілігі қалыпты дін мен радикалды идеологияның ара жігін ажыратуды үйренді. Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтардың 90 проценті мемлекеттік саясатты қолдап, теріс діни ағымдарға төзбеушілік танытады», — деді Нұрлан Ермекбаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында. Министр Kazislam.kz интернет-порталы арқылы интернет-аудиториямен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бір

Ақтөбелік дизайнерге намаз оқитын қыздар ұлттық киімдерге тапсырыс беріп жатыр

Қазақша тігілген ұлттық киімдермен Италия, Испания секілді алпауыт елдерді мойындатып, сән әлемінің бас жүлдесін жеңіп келген ақтөбелік дизайнер ұлттық киімге сұраныстың артқанын айтты. «Маған ұлттық киімдер тіккен ұнайды. Жеті жыл бұрын тұрмысқа шыққан кезімде ұлттық үлгідегі жоғары сапада тігілген қалыңдық көйлектерін табу қиын болатын. Мата сатып алып, өзім қалаған көйлекті тігіп, ұлттық оюлармен әшекейледім. Сол кезде көйлегіме қызыққандар көп болды. Ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық халықта жоқ емес. Тек сонны оята