қаңтар 11, 2018

Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды

Ақтөбеде Мәртөк аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып отыр. Келіншек үйді жинап жүріп «аса құпия» деген жазуы бар құжаттарды тауып алған. Ол бірден адвокатына хабарласып, бұрынғы жары Евгений Лазаревтің үстінен арыз жазыпты. Ашулы әйел бағалы мәліметтермен бірге жатқан алпысқа жуық автоматтың оғын да тәртіп сақшыларына санап берген. Қазір бұл оқиға

Ақтөбе әкімдігінің аумағынан денесі табылған күзетші бүгін жерленеді

Ақтөбе әкімдігінің аумағынан денесі табылған Байбек Қарымсақовты жерлеу рәсімі бүгін өтеді. Марқұмның денесі кеше туыстарына табысталды. «Мен сенбеймін. Ол екі ұлының көзін қиып кете алмайды. Балаларын қатты жақсы көреді. Сол күні түсте хабарласып «Балаларды сабаққа апардың ба?» деп сұраған болатын. Кешке жұмыстан кешіккен кезде мен онымен хабарласа алмадым. Қас қарая туыстарымыз қаралы хабарды жеткізді», — дейді марқұмның әйелі Бағдагүл Жұбанова. Естеріңізде болса, 2018 жылдың 8 қаңтарында Ақтөбе қалалық әкімдігінде кезекшілікте

Қайрат Қожамжаров қазақстандық прокурорларға үндеу жариялады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауына байланысты ҚР Бас прокуратурасының сайтында Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың қазақстандық прокурорларға үндеуі жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Елдің стратегиялық тұрғыда дамуының басым бағыттарының бірі ретінде Ұлт Көшбасшысы заңның үстемдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жеке атап өтеді. Қазіргі уақытта аталған тапсырма барлық құқық қорғау органдары жұмысының басты бағдары болып табылады. Ең алдымен, Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі таңда заңның үстемдігі үшін сот және құқық қорғау

Ақтөбедегі Хоккей модулінде балалар мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректі меңгеріп жүр

Ақтөбедегі Хоккей модулінде 700-ге жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Олар хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек үйірмелеріне қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласында өткен жылы Хоккей модулі салынды. Мұндай мұз айдыны тәуелсіздік алған жылдары мүлдем болған емес. «КТП» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында құрылыс жұмыстарын жүргізді. Жоба құны – 544 миллон теңге. Спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына мемлекет пен кәсіпкер тең дәрежеде қаржы бөлді. Қазір мұнда 700-ге жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Қазіргі уақытта спорт

Ақтөбеде банк қызметкерін өз әріптесі қонаққа шақырып, атып өлтірген

Сбербанктің Ақтөбе қаласындағы бір бөлімшесінің заңгерін басқа емес өз әріптесі атып өлтірді. Қазір күдікті ретінде ұсталған қырық жастағы азамат сот санкциясымен екі айға қамауға алынды деп хабаралйды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ. Оқиғаның қалай болғанын әзірге ешкім нақты айта алмай отыр. Ал қызметтесінің қолынан қаза тапқан 48 жастағы азаматтың артында екі бірдей ұлы қалды. Қанды оқиға осыдан екі күн бұрын болған. Асқар есімді азамат өз әріптесін үйіне қонаққа шақырып, артынша