Әлем

Нұрсұлтан Назарбаев: Америка Қазақстанға салынған инвестиция көлемі бойынша 2-орында

Бүгін Вашингтонда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың іскерлік топ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі. Елбасы кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатына айрықша мән беріп өтті. «Америка Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестиция көлемі бойынша екінші орынға ие. Тәуелсіздік жылдарының ішінде сіздердің компанияларыңыздың тарапынан Қазақстанға 50 млрд доллардан астам инвестиция келді. Өткен жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы шамамен 2 млрд доллар болды. Елімізде америкалық капиталдың қатысуымен энергетика,

Нұрсұлтан Назарбаев Трамптан С5+1 форматымен ынтымақтастықты жалғастыруды өтінді

Бүгін Ақ үйде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп екеуара кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ең алдымен Ақ үйге, АҚШ-қа шақырып, делегацияма жылы қонақжайлық танытқаныңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сізбен телефон арқылы сөйлесуіміз, Эр-Риядтағы кездесуіміз және бүгінгі келіссөздер сенім, достық және өзара түсіністік туы аясында өтуде. Бұл сапарым қазақстандық-америкалық қарым-қатынасты екі халық пен елдің игілігі үшін кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне

АҚШ Қазақстанды Орталық Азиядағы әлеуетті стратегиялық әріптес ретінде қарастырады

Бұл туралы бүгін Ақ үйде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екеуара кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасау барысында Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрметті, Президент! Сіз ел тізгінін ұстағалы маңызды жұмыстар атқардыңыз. Ақ үйде Сізді қабылдау мен үшін абырой. Менің шақыртуымды қабылдап, осында келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Ширек ғасырға жуық уақыттан бері АҚШ тарапы Қазақстанды Орталық Азиядағы тәуелсіз, егемен, әлеуетті стратегиялық әріптес ретінде қарастырып келеді. 1991 жылы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді

Қазақстан Президенті брифинг барысында Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны үшін Дональд Трампқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы келіссөздердің нәтижелеріне оң баға бере отырып, Қазақстан мен АҚШ-тың өзара қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталды. – Менің сапарымның нәтижесінде Қазақстан-Америка қатынастарын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру жөнінде шешім шығаратынымызға сенімдімін. Осыған орай біз бүгін Астана мен Вашингтон арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа дәуірін бастайтын тиісті бірлескен саяси мәлімдеме қабылдадық, – деді Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп стратегиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді - ҚР СІМ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональ Трамптың Ақ үйдегі кездесуі қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың басты басымдықтарын анықтап береді. ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Бұл — Қазақстан Президентінің жаңа әкімшілік іске кіріскелі бері Вашингтонға тұңғыш сапары. Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп Эр-Риядта өткен «Ислам әлемі — АҚШ» саммитінде тілдесіп, сонымен бірге телефон арқылы сөйлескен болатын. Ақ үйдегі осы

ҚР және АҚШ президенттерінің келіссөздері Ауғанстан бойынша диалогтың форматын өзгертуі мүмкін

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың келіссөздерінің қорытындылары бойынша Ауғанстан мәселесі бойынша диалогтың форматы өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбеков «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен сұхбатта осындай пікір айтты. «Сапардың басты мақсаты біздің республика басшылығы мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігі арасындағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың саяси, экономикалық истеблишменттері арасындағы қарым-қатынасты дамыту болып табылады. Сарапшылар қоғамдастығында әзірше сапардың толық бағдарламасы жоқ. Дегенмен, бағдарламаның шырқау

Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды деп хабарлады 16 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі. Назарбаев сапар барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен, ресми және іскер топ өкілдерімен кездеспек. Назарбаев 16-18 қаңтар аралығындағы сапарында сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына да қатысады. Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз қызметі Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайтынын, бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз ететінін хабарлаған.

ЕО "фейк жаңалықтармен" күресті талқылады

Еуропа комиссиясының сарапшылар тобы 15 қаңтарда жалған (фейк) жаңалықтармен күрес мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының алғашқы отырысын өткізді. Сарапшылар Еуропа Одағының (ЕО) «фейк жаңалықтар» құбылысымен қалай күресу қажеттігі туралы стратегиясын дайындауға үлес қоспақ. Стратегия сәуірдің соңына қарай ұсынылуы тиіс. ЕО-ның цифрлық экономика және қоғам бойынша комиссары Мария Габриэль 2017 жылы қарашада топ жұмысына қатысуға өтініш қабылдау басталғанын мәлімдеп, 300 үміткердің арасынан 40 адамды таңдап алған. Алғашқы кездесуден соң сөйлеген Габриэль жалған

Трамп пен Назарбаев қандай мәселелерді талқылайды?

АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтардың 16-күні Ақ үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, деп жазады «Азаттық». Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайды. Назарбаев пен Трамп бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз етеді. Ал Қазақстанның мемлекеттік ақпарат агенттіктері екі ел президенті Ресеймен қарым-қатынас, Сириядағы соғыс және сауда мәселелерін талқылайтынын хабарлады. Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы Санат Көшкімбаевтың

Құнарлы тағамдардың иммунитетке қандай зияны бар екені анықталды

Германиядағы Бонн университетінің ғалымдары құрамында майлар мен көмурсулары көп тағамдар адамның иммунды жүйесінің инфекция кезіндегідей реакция туғызатынын анықтады. Мұның салдарынан созылмалы қабыну және диабет, артериосклероз сияқты аурулардың пайда болу қаупі бар екен. Зерттеу MedicalXpress сайтында жарияланды. Ғалымдар тышқандарға тәжірибе жүргізген, кеміргіштерге бір ай жасұнығы өте төмен құнарлы азық берілген. Салдарынан кеміргіштердің ағзасында қабынаулар пайда болып, ал қандарында гранулоцит пен моноциттер — патогенді агенттермен күресетін қанның ақ жасушалары (лейкоцитер) саны артқан.