Ақтөбе облысының Темір ауданында 65 оқушы мектеп киім үлгісіне бағынбай отыр

Ақтөбе облысының Темір ауданында 65 оқушы мектеп киім үлгісіне бағынбай отыр

Ақтөбе облысында жүзден аса оқушы орамалын шешіп, мектеп формасына көшті. Алғашында дін өкілдері мектептің ішкі талабына қарсы шыққан 400-ге жуық оқушымен жұмыс жасаған болатын. Қазіргі уақытта 292 оқушының ата-анасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудандардың ішінде мектеп формасына бағынбаған оқушылардың саны Темір ауданында көп.

Ауданда 65 оқушы мектепке орамалмен келіп жүр.

«Біздің балаларымызды кешеден бері мектепке кіргізбей жатыр. Түстен кейін әкімнің орынбасарының көмегімен мектепке кірдік. Кенқияқта оншақты ата-ана күнде есіктің алдына келіп тұрамыз. Мектептің қасында полиция қызметкерлері де жүр», — дейді Қеңқияқтан хабарласқан ата-аналардың бірі Мәншүк Оразалина.

Өңірдегі жағдайды ауыл әкімі түсіндіріп берді.

«Бізде қазір мектепке орамалмен келіп жүрген тоғыз оқушы бар. Білім министрлігінің арнайы бұйрығымен жұмыс жасайтын боламыз. Ата-аналармен сөйлесіп жатырмыз. Мектептің ішкі тәртібі, ережесі бар. Ата-аналар балаларын мектепке әкеліп, қайтадан алып кетіп жатыр. Полиция қызметкерлері ол жерде қауіпсіздікті сақтау үшін ғана тұр. Олар басқа жұмыстарға араласып жатқан жоқ», — дейді Кеңқияқ ауылдық округының әкімі Жайнагүл Жасақбаева.

фото: diapazon.kz

Пікір қалдырыңыз