Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды

Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды

Ақтөбеде Мәртөк аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып отыр.

Келіншек үйді жинап жүріп «аса құпия» деген жазуы бар құжаттарды тауып алған. Ол бірден адвокатына хабарласып, бұрынғы жары Евгений Лазаревтің үстінен арыз жазыпты.

Ашулы әйел бағалы мәліметтермен бірге жатқан алпысқа жуық автоматтың оғын да тәртіп сақшыларына санап берген. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал арнайы комиссия полицейдің мемлекетке келтірген шығынын 22 миллион теңге деп отыр.

Бұрынғы әйелі ұстап берген Лазаревті енді қазіргі азаматтық некеде тұрған жары қорғаштап әлек. Оның айтуынша, ІІБ басшысына бұрынғы жары күн көрсетпейді екен. Екеуінің жанжалдасып жүргеніне үш жылға жуықтапты.

Айта кетейік, Евгений Лазаревтің зейнетке шығуына жеті жыл қалған екен.

Пікір қалдырыңыз