Ақтөбеде 10 дәріхана әкімшісіне шара қолданылды

Ақтөбеде 10 дәріхана әкімшісіне шара қолданылды

Ақтөбе облысының әкімі осыған дейін бірнеше дәріхананы аралап, халыққа ең қажет дәрі бағасын бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бағасы өспеуге тиіс 110 дәрі-дәрмектің тізімін де жасады.

«Тізімге енгізілген 110 препарат кез-келген дәріханада халықтың көз алдында ілулі тұратын болады. Екі жақты жасалған меморандумның мақсаты — әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындарға дәрі-дәрмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Дәрі-дәрмектің бағасы бақылау үшін арнайы жұмыс топтары құрылмақ. Оған қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары мен фармация комитетінің облыс бойынша департаментінің өкілдері кіретін болады»,- дейді фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ринат Құбатаев.

Ақтөбе облысында 350 дәріхана жұмыс жасап тұр. Оның 122-сі аудандарда орналасқан. Саудадағы медициналық препараттардың 52 пайызы отандық өнім. Өткен жылы этика мен деонтологияны бұзған 10 дәріхана әкімшісіне шара қолданылған.

фото: dpchas.com.ua

Пікір қалдырыңыз