Ақтөбелік журналист мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлер айналасында шу болып жатқанын хабарлады

Ақтөбелік журналист мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлер айналасында шу болып жатқанын хабарлады

Ақтөбелік журналист Шара Тұрмағамбетова Ырғыз ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында салынып берілген үйлер айналасында дау-дамай туындап жатқанын хабарлады. Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист «бес баласы бар адамға бір бөлмелі пәтер, жалғызбасты адамға төрт бөлмелі пәтер берілген» туралы жазды.

«Кірмесеңдер қайтып аламыз» деген соң, жұрт жаппай кіріп, терезе жапқыштарын ұстап қойды. Жылу жоқ, аула жоқ. Біздің айқайымыздан кейін қаздай тізіп мынадай дәретханалар салып берді. Ал үйдің ішкі сапасы мынау. Ощым, әжетханаға тұруға болатын шығар, үйге тұру мүмкін емес. Су жоқ, газ жоқ. Бір төбелестің құлағы қылтиып тұр», — деп жазады Шара Тұрмағамбетова Фейсбуктегі парақшасында.

Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз