Туған күні қарсаңында Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өзін атып өлтірді

Туған күні қарсаңында Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өзін атып өлтірді

Ақтөбе қалалық әкімдігін күзеткен 35 жастағы Байбек Қарымсақов кеше кешкілік өз-өзіне қол жұмсады. Ол оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Кеше сағат 17:30-да күзет қызметінде тұрған Байбек Қарымсақов өз-өзіне қол жұмсады. Ол 2010 жылдан бері күзет қызметінде жұмыс істейді. Екі баланың әкесі, келіншегі үшіншісіне жүкті. Кіші лейтенанттың неліктен өз-өзіне қол жұмсағанын қызметтік тексеріс анықтайды. Бірнеше сараптама тағайындалды», — деді Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет басқармасы бастығының орынбасары Руслан Маханов.

Айта кетейік, полиция қызметкері өзінің ПМ-9 мм қаруымен басынан атқан. Ол оқиға орнында қаза болды. Жас жігіт Ырғыз ауданының тумасы.

Пікір қалдырыңыз