«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа жолдары қарастырылды

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа жолдары қарастырылды

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа жолдары қарастырылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобаларын жүзеге асыруға жауапты ұлттық компаниялар өкілдері және вице-министрлердің қатысуымен brainstorming (күрделі тапсырмаларды шешу үшін адамдардың бірлескен творчестволық жұмысын ұйымдастыру тәсілі — авт.) өткізілді.

Шарада #digitalkazakhstan бағыттары аясындағы идеялар ұсынылып, KPI анықталды, сондай-ақ мерзімдер белгіленді. Шара қорытындысы бойынша барлық салалар бойынша қызықты әрі өзекті идеялар іріктеп алынды», деп жазды Асқар Жұмағалиев.

Оның пікірінше, ашық пікірсайыс, жанды тілдесу үнемі өнімді нәтижелер береді. Жиында әріптестер бір-бірімен тәжірибесін бөлісіп, мәселелердің шешімдерін ұсынған. Еске сала кетсек, ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты мақсаты — цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру.

Жобаны жүзеге асыру екі жолмен жасалады деп жоспарлануда. Олар: орташа мерзімді келешекте «Қазіргі экономиканы цифрландыру» және ұзақ мерзімді келешекте «Болашақтың цифрлық индустриясын құру».

ҚазАқпарат

Пікір қалдырыңыз