Шымкентте қатты дауыл кезінде екі ұшақ соқтығысып қалды

Шымкентте қатты дауыл кезінде екі ұшақ соқтығысып қалды

Қатты дауыл кезінде Шымкент әуежайының тұрағындағы оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Шымкент қаласының әуежайындағы арнайы тұрақта тұрған «Training center Part FCL» ЖШС-на тиесілі тіркеу нөмірлері UP-CS018 және UP-CS019 Cessna-172 ұшақтарында оқыс оқиға болды. Ұшақтардың бағыттау құралы мен қанаттарына зақым келген. Жіберілген радиохабарламаға сәйкес, тұрақтағы ұшақтардың соқтығысуына қатты дауылды жел мен олардың бір-біріне өте жақын орналасуы себеп болған», — делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кету керек, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 25 желтоқсаны күні аталған ұшақтарға Шымкент-Алматы бағыты бойынша бір рет ұшуға рұқсат берген.

Еске сала кетсек, «Training center Part FCL» ЖШС-ы оқу-жаттығу орталығы акцияларының 9%-ы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ қарасты. Мұның алдында «Training center Part FCL» ЖШС-ы ұшақтары әуе оқиғаларының орын алуына байланысты әуе компаниясы ұшақтарының ұшуына шектеу қойылған болатын.

 

Пікір қалдырыңыз