Ақтөбенің бас имамы қала әкімінен мешіт қамқорлығына бір жетім бала сұрады

Ақтөбенің бас имамы қала әкімінен мешіт қамқорлығына бір жетім бала сұрады

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қалалық әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Еліміздің әр бөлігінде дін саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет қылған имам бұндай игілікті шараны алғаш көріп тұрғанын жасырмады. Тіпті, қалалық мешіттің қамқорлығына бір бала алғысы келетіні туралы ұсыныс тастады.

«Қалалық мешітке де бір бала берсеңіз. Оның көңілін де, қарнын да тойғызамыз деп Ілияс Сапарбекұлының (Испанов — Ақтөбе әкімі — ред.) алдында сөз беремін», — деді қаланың бас имамы Амантай Садиев.

Естеріңізге сала кетейік, қала басшысынан бастап бөлім басшылары мен олардың орынбасарлары, қалалық маслихат депуттаттары өздерінің қамқорлығына бір жетім баладан алды.

 

Пікір қалдырыңыз