Ақтөбе облысында жап-жас жігітті имамдыққа тағайындаған діндарлар ақсақалдардан қолдау сұрады

Ақтөбе облысында жап-жас жігітті имамдыққа тағайындаған діндарлар ақсақалдардан қолдау сұрады

Діни басқарманың бұйрығымен Ембі қаласына жаңа имам тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов жамағатқа жаңа имамды таныстырып, бұйрығын оқыды. Бас имамдық қызметке тағайындалған Нұрсұлтан Тұрсынқұловтың алдағы қызметіне сәттілік тілей отырып, жамағаттың, жасы үлкен ақсақалдардың жаңа имамға қолдау білдіруін сұрады.

«Сарыағаш» медресе-колледжінің түлегі Нұрсұлтан Тұрсынқұлов бұған дейін «Нұр Ғасыр» облыстық мешітінде ұстаз, «Нұртай» мешітінің Бас имамы, наиб имамы қызметтерін атқарған болатын.

Нұрсұлтан Тұрсынқұлов 1992 жылы дүниеге келген.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз