Алға балалар үйінің тәрбиеленушісі Ресейдің НТВ арнасы ұйымдастыратын вокалды конкурсына қатысады

Алға балалар үйінің тәрбиеленушісі Ресейдің НТВ арнасы ұйымдастыратын вокалды конкурсына қатысады

Алға балалар үйінің 15 жастағы тәрбиеленушісі Алла Сильченко «Сен — суперсің» халықаралық вокалдық конкурсына қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметкері Жанна Әбілдаеваның хабарлауынша, байқаудың алғашқы кезеңінде қазақстандықтар өнер көрсеткен. Жобаға жағдайы ауыр балалар қатыса алады. Екінші айналымға өткен Алла Сильченко телеарнаның сайтына өтінім жасаған. Араға бір апта салып, ұйымдастырушылар балалар үйінің директорына хабарласқан.

Алла «Астана» және «Надежда» әндерін орындайды. Кішкентай әнші қаңтар айында Мәскеуде өтетін байқауға қамданып жатыр. Бүгінде ол тәжірибелі педагогтар мен психологтардан дәріс алып жатыр.

Пікір қалдырыңыз