Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ауыл клубтары қызметкерлерінің семинар-практикумында «Ауыл айнасы — 2017» видео байқауы қорытындыланады

Ауыл клубтары қызметкерлерінің семинар-практикумында «Ауыл айнасы — 2017» видео байқауы қорытындыланады

Фото: rgmedia.kz

Облыстық халық шығармашылығы орталығында клуб қызметкерлеріне арналған «Жаңарған заман – жаңарған мәдениет» атты семинар-практикум өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Семинардың мақсаты — ауыл клуб қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдау, сондай-ақ мәдени-көпшілік шараларына жаңа озық технология құралдарын пайдалану, клубтарда көркем өнерпаздар үйірмелерінің дамуын, оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, әдістемелік-тәжірибе алмасу.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, семинар-практикумның жұмысына аудандық, қалалық мәдениет үйлерінің директорлары, әдіскерлері мен ауылдық клуб меңгерушілері қатысады.

Шараның бірінші бөлігінде клуб мекемелеріндегі жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру сұрақтары қаралса, ал екінші бөлігінде «Ауыл айнасы-2017» кәсіби видео байқаудың қорытындысы шығарылады.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *