Бастапқы бет / Әлем / Ресей құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Ресей құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарында өз туының астында өнер көрсетуіне тыйым салды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ресей Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында

Ресейлік спортшылар қысқы Олимпиада ойындарында өз туларымен өнер көрсете алмайды. Олар тек нейтральды спортшы ретінде қысқы ойындарға қатыспақшы. Яғни, ресми түрде «Ресейден келген олимпиадалық атлет» деген атауға ие болды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің Ресейді дәл бұлай жазалауына 2014 жылғы Сочи Олимпиадасындағы допинг дауы себеп болып отыр. ХОК бүгінге дейін Ресейдің Сочиде чемпион және жүлдегер атанған бірнеше спортшысын допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан шеттетті.

Сочи Олимпиадасының қорытындысы бойынша бірінші орында тұрған ресейліктер күн санап рейтингте құлдырап, үшінші орынға түсіп қалды.

Қазір арнайы құрылған тексерушілер тобы қатаң бақылаудан өткізілген спортшыларға ғана Олимпиадаға қатысуға рұқсат бермекші. Ал Ресей құрамасының басшылары Олимпиада ойындарына мүлдем кіргізілмейді.

Бұл ресейлік жанкүйерлер мен спортшыларға өте ауыр тиюде. Көпшілік допинг дауына басты себепкер ретінде спорттық шенеуніктер мен ел президенті Путинді кінәлауда.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *