Бастапқы бет / Қазақстан / Алматы облысында үйлену тойына барған 23 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Алматы облысында үйлену тойына барған 23 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Алматы облысында үйлену тойына барған жігіт үйіне оралмады. Бір топ жігіттің тепкісіне түсіп, мейрамхана маңында көз жұмған. Осылай деген отбасы мүшелері әділдік іздеп жүр. Олар 23 жастағы Сұңғатты соққыға жығып өлтіргендер, 1 ай өтсе де, қамауға алынбады деп отыр. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Марқұм Сұңғат жұбайымен. Кадр Астана арнасы

Бегдалиевтер әулетіне қан жұттырған оқиға қазанның 27-нен 28-не қараған түні болған. Әкесі Оспандиярдың айтуынша, сол күні кешке баласы Талғар ауданындағы Көлсай мейрамханасына досының тойына кетеді. Бірақ түн ауа сағат екі жарымдар шамасында, той иесі Сұңғаттың ауруханаға түскендігін, хабарлапты.

«Ресторанның алдында өлген. Бізге «өлі денесін алып келді» деді. Бұл групповой. Ешқайсысын ұстап отырған жоқ. Бір баланы ғана алып қалды. Бұл жерде ешқандай әділдік жоқ. Менің сұрарым, әділдік!», — дейді Сұңғаттың әкесі Оспандияр Бегдалиев.

Әкенің айтуынша, баласын 9 бұзақы топ болып тепкіге алған. Шамбайына батып отырғаны — барлығының қамауға алынбағаны. Өйткені күдікті деп тоғызы емес, тек екеуі ғана қамалған. Оның бірін көп ұзамай босатып жіберген дейді. Оспандияр Бегдалиев Талғар аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі іске енжарлық танытқандықтан, амалсыз облысқа шағымдандым деп отыр.

Марқұмның анасы. Скриншот Астана арнасы

Қорғаушы 2 қарашадан бері бұл іске үңіліп, талай шикілікті тапқанын айтады.

«Дер кезінде айғақтарды жинамай, куәларды анықтамай, сот медицина сараптауының тағайындауы бойынша қаулымен жәбірленуші тарапты таныстырмай және айыпталушылардың киімін уақытылы, дер кезінде алмаған. 99-шы бап, кісі өлімі орын алғандықтан, сол баппен қозғауын талап етіп отырмыз. Бірақ талабым әлі күнге дейін қанағаттандырусыз», — дейді Бегдалиевтер әулетінің адвокаты Камшат Шинтекова.

Ал Алматы облысы Ішкі істер департаментінің өкілі жігіттің өліміне екі күдіктінің қатысы бар дейді.

«Аталған іске байланысты екі күдікті ұсталды. 1994 жылы туылған олардың біріне Қылмыстық кодекстің 106 бабы бойынша іс қозғалса, екіншісіне «бұзақылық» фактісімен айып тағылды. Қазіргі таңда күдіктінің бірі үй қамаққа шығарылды. Екінші азамат уақытша қамауда. Қазіргі таңда іс облыстық тергеу басқармасына жіберілді», — дейді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

23 жастағы Сұңғаттың артында сегіз айлық қызы мен жары қалған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы кінәлілер жазаланбайынша, көңіліміз көншімейді деп отыр.

 

1 пікір

  1. Тасним

    Мə не деген сұмдық?! Бұл групповой делініп тұр ғо. Неге тек екеуін қана ұстаған? Неге ұстай тұра адам өлтіргендерін біле тұра неге біреуін босатқан? Неге дер кезінде айғақты жинамаған? Неге дер кезінде медициналық сараптамамен жəбірленушілерді таныстырмаған? Неге дер кезінде айыпталушылардың киімін сараптамаған? Неге біздің талабымыз қанағаттанбай отыр а? Неге? Əділеттік қайда? Қайда əділеттік? Қайда? Босатқандарға айтарым сіздердің де балаларыңызға осындай жағдай болса, Аллаһ сақтасын əрине. Дəл осындай кінəлілер жазасын алмаса біздің күйімізді кешесіздер хо. Сол жақсы ма?! Сіздерде біз сияқты əділдікті талап етіп шырылдайсыздар хо, неге соны бір уақыт ойланбасқа?! Біз үшін емес, тек қана əділеттік үшін күрессеңіздер етті. Əділетке бізбен бірге қадам бассаңыздар етті. Соңы дейін бармай, біреуін босату деген не сұмдық?! Қалай босаттыңыздар?! Түсінбеймін! Ол адамның адам өлтіргенін біле тұра, қалай үй қамауына шығарасыздар?! Қалай? Үй қамауына шықты деген болды хо уже, емін еркін көшедеде жүреді деген сөз хо. Даже айтуға сөзім бармай тұр. Сонда да айтайын, басымды кесіп алсаңыздар да! Ақша беріп шыққан шығар бəлкім Иа?! Қазір Қазақстанда əділдік жоқ екен хо! Мүлде. Ал басымды кесіп алсаңдар да бар шындық осы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *