Бастапқы бет / Әлем / Сарапшылар арзан ипотека қай елдерде екенін анықтады

Сарапшылар арзан ипотека қай елдерде екенін анықтады

Сарапшылар әлемдік нарықтағы ұсыныстарды сараптай келе, тиімді ипотека ұсынған елдердің рейтингін жасады, — деп жазады «Вести Финанс».
Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, ең тиімдісі Жапониядан ипотека алу. Онда ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 1,2 пайыз ғана.
Ал рейтингтің екінші орнында 1,42 пайыздық мөлшерлемемен Швейцария тұр. Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, Швейцарияда ипотеканы өмір бойы төлеуге болады.
Рейтингтің үштігін Финляндия қорытындылап тұр. Онда ипотекалық мөлшерлеме 1,5 пайыздан асады. Алайда мұнда пәтер бағасы өте қымбат екен — бүгінде бір шаршы метрі шамамен 2 мың еуро.
Ал тізімнің кейінгі орындарында ипотеканы 1,87 — 2,1 пайыздық мөлшерлеме аралығында ұсынған Швеция, Словения, Германия, Чехия, Литва, Тайвань және Аустрия елдері бар.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *