Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде WTF таэквондодан Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді

Ақтөбеде WTF таэквондодан Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді

iz.ru

2017 жылдың 14-15 қазан аралығында Ақтөбе қаласында WTF таэквондодан кадеттер және жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысының құрметті азаматы, батыр-ұшқыш космонавт Ю.В.Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сенбі сағат 16:00-де «Жекпе Жек» сарайында басталатын додаға Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және еліміздің барлық облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысуға тілек білдіріп отыр.

Айта кетсек, бұл республикалық деңгейдегі турнир облысымызда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Турнир 2003-2005 жылы туылған кадеттер арасында — 33, 37, 41, 45, 49, 53, 57, 61, 65, + 65 салмақ дәрежесі; 2003-2005 жылы дүниеге келген қыздар арасында — 29, 33, 37, 41, 44, 47, 51, 55, 59, + 59 салмақ дәрежесі бойынша өтеді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әр салмақ дәрежесі бойынша тиісінше сыйақылар табысталып, алғыс хаттармен, медальдармен марапатталады.

Жәнібек Нұрғожа, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *